Жаңалықтар

Қахраманмарашта тағы да жер сілкінді

7,7 және 7,6 балдық зілзаладан соң кейінгі дүмпулер жалғасуда. Жер сілкінісінің ошағы Қахраманмарашта Түркия уақытымен кешкі сағат 17:39-да 4,5 және 17:49-да 4,1 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Оrtalyq.kz  Inbusiness сайтына сілтеме жасап.

Түркияның бірқатар қаласында кейінгі дүмпулер қайталанып жатыр. Ал 28 ақпан күні зілзала ошағы Қахраманмарашта қатарынан екі рет дүмпу тіркелді.

Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше Онекішұбат ауданында сағат 17:39-да 4,5 балдық жер сілкінісі болды. Тереңдігі – 9,88 шақырым. Арадан 10 минут өткен соң, яғни 17:49-да күші 4,1 балға жеткен екінші жер сілкінісі тіркелді. Мұның тереңдігі 13,61 шақырым деп жарияланды.

Әбден қорыққан халық бұл жолы да үрейленді. Айта кетейік 6 ақпан күні Қахраманмарашта болған жер сілкінісінен 45 мыңға жуық адам қаза тапқан.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button