Жаңалықтар

Агротерапия – соны әдіс

12 жылдық білім алуға көшуде жас ұрпақ үшін үлкен ғылымға жол ашатын тәжірибелік-зерттеу жұмыстарына, теория мен практиканы ұштастыру маңызды. Осы бағытта Балқаш қаласындағы М.Русаков атындағы №2 мектеп-интернатында Агро-зертхана курсының бағдарламасы қолға алынған болатын.

Бұл курстың негізгі мақсаты – тәрбиеленушілерді өсімдіктер әлеміне терең бойлату, топырақ, жер өңдеу, агрономия ғылымын меңгеру, теорияны практикамен ұштастыруға, зерттеуге жол ашу. Агротерапия негізінде – балалар денсаулығын бақылап, пайымдауға мүмкіндік береді.

Бүгінде мектеп-интернаты жанынан балалар игілігі үшін ашылған жылыжай енді олардың көкөністермен қамтылуына ғана емес, табиғат аясында денсаулықтарын нығайтуына да мол мүмкіндік ашуда. Интернат тәрбиеленушілерінің дені-дамуында кемшілігі бар, денсаулығы әлсіз, толық емес отбасынан шыққан, жетім балалар. Табиғатпен, өсімдіктермен, құстармен араласу балаларға ерекше әсер сыйлап, олардың тезірек сауығуына мүмкіндік туғызады.

Бұл балаларды дәрі-дәрмекпен емдеуден гөрі әлдеқайда тиімді. Өйткені, балалар мұндағы өсімдіктер, гүлдер, құстармен араласа отырып, өздеріне қажетті күш-қуат, жігер жинайды. Бұл олардың емделіп, сауығуына мол әсер етеді. Бүгінгі таңда еңбек терапиясының тиімділігі туралы көп айтылып жүр. Енді, міне, бұл мүмкіндікке №2 мектеп-интернаты қол жеткізіп отыр. Мұндай жылыжай тек балғындар үшін ғана емес, осында еңбек ететіндер үшін де аса пайдалы. Олар да өсімдіктермен араласу арқылы бойындағы шаршауды басады. Сондықтан да, мұндай жылыжай алдағы уақытта барлық интернаттық мекемелерде ашуға болар еді. Жылыжайдан үнемі биология пәні мұғалімі Айман Дінисламқызы балалардың қызығушылығын арттыруға жұмыс жүргізеді.

Осы орайда біз интернат тәрбиеленушілерінің әлеуметтік құрамын зерттеп – зерделей отырып, агротерапияның-өсімдіктермен қарым-қатынас құралы ретіндегі маңызын ашу мақсатында жұмыстар атқарылуда.

М.ӘБЕУОВА,

М.Русаков атындағы №2 мектеп-интернаты директорының ғылыми-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button