Жаңалықтар

Агрокәсіптік ірі инвестициялық жобалар топтасқан жол картасы игілігін беруі тиіс

Агроөнеркәсіптік ірі инвестициялық жобалар топтасқан жол картасының әр жылдарда жүзеге асуы тиіс жоспарлары да ауқымды. Атап айтқанда, биыл 25 инвестициялық жоба, оның ішінде, мал шаруашылығына қатысты – 10, өсімдік шаруашылығына – 3, қайта өңдеу саласына қатысты 3 жоба жүзеге асады. Жалпы құны – 14,7 млрд. теңге.

Агроөнеркәсіп

2024 жылы мал шаруашылығын дамытуға арналған – 8, өсімдік шаруашылығында –7, қайта өңдеу саласына қатысты – 1, жалпы 16 жоба іске қосылмақ. Инвестиция құны – 31,6 млрд. теңге.

2025 жылы 22,2 млрд. теңгенің 18 жобасы жоспарда. Оның 9-ы – мал шаруашылығына, 6-уы – өсімдік шаруашылығына, 3-еуі – қайта өңдеу саласына бағытталмақ.

Ал, 2026 жылға 8 жобаны іске қосу үшін 91,5 млрд. теңге бөлінеді. Мал шаруашылығын дамытуға тиесілі 3 жоба, өсімдік шаруашылығын өркендетуге 4 жоба, қайта өңдеу саласын жандандыруға 1 жоба жоспарланған.

Сағыныш ӘБІЛ,
Ortalyq.kz

Автордың «Агроөнеркәсіп өрісі кеңейеді» атты мақаласынан.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button