Ресми

Агроөнеркәсіп кешенінің дамуы – ырғақты

 

Облыстың агроөнеркәсіп кешені тұрақты түрде даму үстінде. Ауыл шаруа шылығындағы еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортының көлемін 2022 жылға дейін 2,5 есеге арттыруға қол жеткізу мақсатында Агроөнеркәсіптік кешенін да мытудың мемлекеттік бағдарламасы белсенді қарқынмен іске асырылуда. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылға қарағанда 21,7%­ға өсіп, 337,9 млрд. теңгені құрады. Еңбек өнімділігі 21,1%­ға өсті.

Былтырғы жыл ыстық, құрғақ, күрделі болды. Дегенмен, жоғары өнімді тұқым сорттарын, минералдық тыңайтқыштарды қолдану және сандық технологияларды енгізу арқылы облыс бойынша жақсы өнім жиналды. Жалпы, 880,4 мың тонна дәнді дақыл жиналды. Орташа өнімділік гектарына 10,5 центнерді құрады.

Абай және Осакаров аудандарының диқандары гектарынан 12­14 центнерден өнім жинап, жоғары жетістіктерге қол жеткізсе, «Шанс», «Воля», «Шоқай» ШҚ, «Жаңа ай» және «Найдоровское» ЖШС сияқты ша руашылықтарда өнімділік гектарына 17­18 центнерден алды.

Сатып алынған ауыл шаруашылығы техникаларының саны өсуде. Бұған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы құрылымдары шығында рының бір бөлігін өтеу, сондай­ақ техника сатып алуға арналған несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу ықпал етіп отыр. Машинатракторлық паркін жаңарту шарасы аясында өңірлік ауыл шаруашылығы құрылымдары 10,3 млрд. теңгеге 878 бірлік техника сатып алды. Бұл – 2018 жылғы көрсеткіштен 178 бірлікке артық.

Машина­трактор паркін жаңарту мен нақты егіншілік элементтерін енгізу еңбек өнімділігін арттыруға өз әсерін тигізді.

Нақты егіншілік элементтерін енгізу жұмысын бастаған шаруашылықтар қатары өсті. Өткен жылы пилоттық 2 шаруашылық Нұра ауданының «Шахтерское» ЖШС және Осакаров ауданының «Найдоровское» ЖШС қатарына облыстың 26 шаруашылық құрылымдары қосылып, жалпы алаңы 10,4 мың га алқапқа нақты егіншілік элементтері енгізілетін болады.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде алқаптарды цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге 1 млн. 459 мың га астам егістік, 10 млн. 325 мың га жайылым және 146 мың га шабындық алқаптар цифрландырылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында салада суармалы жерлерді айналымға енгізу жұмыстары жүргізілуде. Суармалы жер көлемі 1,5 мың гектарға ұлғайтылып 2019 жылы 22 мың гектарға жеткізілді. Осы алқаптан 270 мың тонна картоп және 54 мың тонна көкөніс өнімдері алынды.

Нұра ауданының «Шахтерское» ЖШС­де гектарынан 390 центнерге дейін картоп және Абай ауданының «Поливное» ШҚ­да гектары нан 425 центнерден көкөніс алынды.

Сондай­ақ, ағымдағы жылы 1000 гектардан астам суармалы жерді айналымға енгізу межеленуде. Алқаптарды ұлғайту Абай, Осакаров, Бұқар жырау және Нұра аудандарының шаруашылықтарының қаражатына жүргізілетін болады.

Сонымен қоса, «Қарағанды облысы суармалы жерлерінің ирригациялық желілерін жаңғырту» жобасын іске асыру аясында 28 мың гектарға жуық суармалы жер қалпына келтіру жұмыстары басталады. Бүгінгі күнге магистральдық арналар мен құбырлар республикалық меншік иелігіне берілді.

Ағымдағы жылы дәнді және дәндібұршақты егістік көлемі 27 мың гектарға ұлғайтылып, алқап көлемін 890 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда (2019 жылы – 863,1 мың га). Бұған қажетті 95,8 мың тонна тұқым құйылды, оның 11,2 мың тоннасы – элиталық тұқым.

Мал шаруашылығы тұрақты дамуда. Мал басы мен мал шаруашылығының өнім өндіріс көлемі өсуде.

Өткен жылы 144 мың тонна ет өндірілді, бұл 2018 жылға қарағанда 4,1 пайызға артық, сүт өндіру көлемі 3,5 пайызға артып, 482 мың тоннаны құрады, жұмыртқа 3,5 пайызға өсіп, 752 млн. дананы құрады.

Ірі қара мал басы 5,1 пайызға, жылқы 9,3 пайызға өсті. Ағымдағы жылы да ауыл шаруашылығы малдарының барлық түрлерін осы деңгейде өсіру жоспарлануда.

Бұған табиғи өсіммен бірге, етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының аясында қабылданатын шаралар ықпал етеді.

Мысалы, екі жылда облыс бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдары 7 мың нан астам импорттық асыл тұқымды ірі қара мал аналығын сатып алып, жалпы мал басының, сонымен қоса асыл тұқымды мал басының үлес салмағының өсуіне ықпал етті.

Шет елден мал сатып алуда Шет, Ұлытау, Қарқаралы және Абай аудандарының шаруашылықтары белсенділік танытуда. Бұл бағытта жұмыс жалғасын табады. Биылғы жылы 10 мың асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу жоспарлануда, несие беру және субсидия төлеу үшін қажетті қаражат қарастырылған.

2019 жылы 800 басқа арналған 5 сүттауарлы фермасы пайдалануға беріліп, ферма саны 52­ге, мал басының жалпы саны 12 мың басқа жеткізілді. Мысалы, Осакаров ауданының «Салтанат» ШҚ сүт­тауарлы фермасын құру үшін Чехиядан 201 бас асыл тұқымды симментал ірі қара малын, ал Бұқар жырау ауданының «Сәлем» ШҚ осы тұқымдас 200­ден астам мал сатып алды. Бұл шаралар облыстың қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктелуін арттыруға ықпал етеді.

Қарағанды өңірі үшін дәстүрлі қой шаруашылығын дамытуға басты назар аударылып отыр. Бүгінгі күні облыстағы қой мен ешкінің жалпы саны 960 мың басты құрайды. «Сыбаға» бағдарламасы аясында қойдың санын арттыру үшін 30 мыңнан астам аналық мал сатып алынды. Осы жұмыс Шет, Жаңаарқа, Ұлытау, Ақ тоғай және Бұқар жырау аудандарында белсенді жүргізілуде. Осы аудандардың шаруашылықтарымен 1200­ден 4700 басқа дейін қой сатып алынды.

Қой шаруашылықтарына көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдау шаралары, қой етін экспорттау мәселесін шешілуі, қой шаруашылығының дамуына ықпал етуде. «Арай KZ» ЖШС Қытайға 2 мың тонна қой етін жеткізу туралы келісім­шарт жасалып, қазіргі кезде кәсіпорынды әлемдік стандартына сәйкестендіру үшін жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.

Жайылымдарды суландыру бағдарламасы аясында 144 құдық, 1500 насостар мен күн панельдері орнатылып, шығындарының 80 пайызы субсидияланды.

Ағымдағы жылдан бастап «Казак СТЕП ШЕП» ЖШС­мен Ақтоғай және Шет аудандарында құны 20 млрд. теңге тұратын 500 мың басқа арналған қой мегафермасын құру жоспарлануда. Сонымен қоса, жоба бойынша жылына 8 мың тоннаға дейін қой етін қайта өңдеу зауытының құрылысы қарас тырылған.

Құс шаруашылығы өнімдері көлемінің өсу үрдісі байқалады. Облыстағы 6 құс фабрикасы өнім көлемдерін арттырып, өз өнімдерін экспортқа өткізуде.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының өндіріс көлемдері ұлғаюда. 2019 жылы өңдеу кәсіпорындары 116 млрд. теңгенің 724,4 мың тонна азық­түлік өнімін өндірді, бұл 2018 жылға қарағанда 11,5 мың тоннаға немесе 4 млрд. теңгеге артық.

2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша экспортталған ауыл шаруашылығы өнім көлемі 40,7 млн. АҚШ доллар сомасына 175 мың тоннаны құрады, оның ішінде 31 млн. АҚШ долларына 106,3 мың тонна қайта өңделген өнім. Сиыр етінің экспорты 1385 тоннаны құрады.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндіру шілердің жетістіктерге қол жеткізуіне мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау ықпалын тигізуде. Өткен жылы мемлекеттік қолдау көлемі 21 млрд. теңгені құрады. Бұл 2018 жылға қарағанда бір жарым есе көп. Жыл соңында қосымша 7,1 млрд. теңге бөлініп, соңғы жылдары алғаш рет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне субсидия толық көлемде төленді.

Облыс бойынша барлығы 8447 шаруашылыққа субсидия төленді. Субсидиялау жұмыстары электрондық форматта жүргізіліп, қызмет алушылармен тікелей байланыстың болмауына, қызмет көрсету мерзімін қысқартуға және олардың сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Басқарма арқылы 9404 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл жұмыс ағымдағы жылы да жалғасын табады. 2020 жылға 19,6 млрд. теңгеге мемлекеттік қолдау қарастырылған.

«ҚазАгро» АҚ қаржы институттары арқылы жеңілдетілген несие  алушылардың саны өсуде. 2019 жылы 1855 шаруашылыққа 17,5 млрд. теңге несие берілді, бұл өткен жылға қарағанда 3,5 пайызға артық (2018 жылы – 1776 қарыз алушы – 16,9 млрд. теңге).

Ауыл шаруашылығына салынатын инвестиция көлемі ұлғайды. Агроөнеркәсіп кешеніне  20,4 млрд. теңге инвестиция салынды. Бұл 2018 жылға қарағанда 17 пайызға артық.

Агроөнеркәсіп кешені саласында барлығы 34 млрд.теңгені құрайтын 38 инвестициялық жоба бар. 2019 жылы 1,2 млд. теңгеге 10 жоба іске қосылды. Оның ішінде 300 млн.теңгеге Бұқар жырау ауданының «Апрель» ФШӨКде жылына 2,5 мың тонна ет өндіретін 25 мың басқа арналған шошқа кешенінің құрылысы және құны 580 млн. теңге болатын Нұра ауданының «Қайнар» ЖШС­де астық қоймасының құрылысы сияқты ірі жобалар бар.

Ағымдағы жылы 20 жобаны іске қосу жоспарлануда. Оның ішінде Абай ауданының «Шанс» шаруа қожалығында «Пектус» тұқым тазалау кешенін, Абай және Қарқаралы аудандарында 4 сүт­та уарлы ферма, «Евразия инвест ЛТД» шаруашылығында балалар тағамын және бие, түйе және ешкі сүтінен жасалған сүт өнімдерін өндіру зауытын салу және пайдалану жобалары бар.

Облыста өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері көлемінің өсуі және қабылданған шаралар нәтижесінде 2019 жылы әлеуметтік маңызы бар азық­түлік тауарлары бағасының күрт өспеуіне және жыл соңына қарай оларды тұрақтандыруға қол жеткізілді.

Ірі шаруашылықтармен меморандумдар жасау өте тиімді шара болды. Осы меморандумдар аясында шаруашылықтар өз өнімінің бір бөлігін белгіленген бағамен сату бойынша міндеттеме алады. Мысалы, нан мен ұн бағасын тұрақтандыру үшін облыстың ірі астық өндіруші шаруашылықтарының қатысуымен резервтік астық қоры құрылды. Осы қордың бидайынан өндірілген 1 сұрыпты ұн мен нан облыс өңірлерінің сауда нүктелері арқылы төмен бағамен сатылуда. Осы меморандумдар шеңберінде «Агрофирма Құрма», «Қарағанды Құс» және «К.Маркс атындағы құс фабрикалары өз өнімдерін төмен бағамен сауда желісіне жіберу ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, облыста үш жыл бойы бюджет қаражатын пайдаланбай картоп, көкөніс өнімдерінің өңірлік тұрақтандыру қоры қалыптастырылып, онда ауыл шаруашылығы құрылымдары өз өнімдерін арзан датылған бағамен «Сарыарқа» ӘКК арқылы сауда желілерінде сатады.

Қорыта айтатын болсақ, облыс көлемінде ауыл шаруашылығын дамыту бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Жалпы облыс бойынша ағымдағы жылы ауыл шаруашылығында 374,7 млрд. теңгеге жалпы өнім өндіріп, оны 2019 жылға қарағанда 11,8 пайызға арттыру жоспарлануда. Бұл үшін қажетті резервтер бар. Қаржы да жеткілікті қарастырылған.

Сағынжан АПАҚАШОВ,

Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button