Бас тақырып

АЭС: жарқын болашаққа жол

Қазақстанда АЭС құрылысын салу ісін мен оң қабылдаймын. Өйткені ол еліміздің дамуын алға бастырып, оны тұрақты және сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ көміртегіне тәуелділікті азайтып, энергияға тапшылығымыз бен табиғатымыздың ластануын кемітеді.

Атом энергетикасында қолданылатын заманауи технологиялар қауіпсіздік деңгейін арттырып, осы жоба тиімді пайдаланатынына сенемін. Сол сияқты АЭС салынуы жаңа жұмыс орындарын ашып, аймақтарымыздың экономикасының дамуы мен жастарымыздың жарқын болашағына да жол ашпақ.

Сондықтан да мен осы АЭС құрылысын салудың арқасында Қазақстан үшін жаңа көкжиектер ашылып, экологиялық таза болашаққа қадам басарымызға күмәнданбаймын.

Исақ ҚАПАШЕВ,
зейнеткер,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button