АЭС құрылысы: Камал Смайловтың болжамы
Біз «АЭС керек пе?», «Атом энергиясы тиімді ме?» деп, әрі-бері ырғасып жүрміз. Ал, қазақ журналистикасының корифейі Камал Смайылов осыдан 35 жыл бұрын орнықты пікірін айтып, АЭС-тиімділігін болжап кеткен екен. Сонымен, Камал көкем не депті?
Камал СМАЙЫЛОВ атом тақырыбына бірнеше мақала арнаған. Соның бірі: «Атом – ауыздықталған апат» атты сараптамалық мақаласы.
– Көмір жағатын жылу электр станцияларына қарағанда, АЭС – әлдеқайда таза. Қоршаған айналасына зиянды деген радиоактивті заттар 500-1000 еседей аз шығарылады екен.
– АЭС-тер ауаға ешқандай көмірқышқыл газы мен күкірт тотығын шығармайды.
– Ал, қазір жер бетіндегі барлық жылу электр станциялары жылына 200-250 миллион тонна күл шығарып, 60 миллион тонна күкірт ангидридін ауаға жібереді екен.
Сонау 90-шы жылдардың өзінде энергия тұтыну көлемі артатынын дөп болжаған Камал аға:
– Ал, алдағы жылдары күлдің көлемі 1,5 миллиард (қазіргіден 6-8 есе көбейіп), ауаға кететін күкірт тотығы 400 миллион тоннаға жететін көрінеді, – депті.
P.S. Камал Смайыловтың АЭС тиімділігі туралы салмақты пікірлеріне жасаған сараптамамызды «Ortalyq Qazaqstan» газетінің алдағы санынан оқитын боласыздар.
Ерсін МҰСАБЕК.