АЭС: референдумға қанша қазақстандық қатыса алады?
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстандағы АЭС бойынша референдумға қанша қазақстандық қатыса алатынын айтты, деп хабарлайды Ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Петровтың айтуынша, республикалық референдумда сайлау учаскелерінің екі түрі болады: азаматтардың тұрғылықты жері бойынша және олардың уақытша барған жерлерінде құрылған.
– Референдум учаскелерінің жалпы саны – 10 327, оның ішінде тұрғылықты жері бойынша 9 709 учаске және 618 уақытша болу орнында, 63 елде Қазақстаннан тыс жерлерде – 78 учаске. Референдум комиссияларының мүшелері саны 70 049 адам болады. 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, жалпы ел бойынша 12 176 968 азамат референдумға қатысу үшін тізімге енгізілуге құқылы, – деді Константин Петров.
Бұл ретте ол 1 шілдедегі көрсеткіш түпкілікті емес және негіз ретінде алынғанын түсіндірді.
– Әкімдіктер шілде-тамыздағы халық санының динамикасын ескереді және әрбір азаматтың референдумға қатысушылар тізіміне барынша толық енгізілуін қамтамасыз ету үшін берілетін өтініштерді ескереді, – деп қосты Константин Петров.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.