Бас тақырып

АЭС: Қазақстанда энергия тапшылығы күшейіп барады

Қазақстанда электр желілері 70%-ға тозған. Ал, Батыс Қазақстанда тіпті, электр қуаты жеткіліксіз. Оңтүстік Қазақстанда да дәл осындай мәселе бар. Республика бойынша электр энергиясын тұтынушылардың саны әрі мөлшері де жыл сайын артып келеді. Сондықтан, осы мәселеден шығудың бірден-бір жолы – атом электр станциясының құрылысы.

Сурет kaztag.kz

Станция жайлы ақпарат – жетерлік. Барлық жерде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Тіпті, салынатын станцияның да моделін таныстырды. Қауіпсіз, әрі сенімді. Экологиялық тұрғыдан да таза. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

 – Жаһандық энергия тапшылығының өсуін ескере отырып, біз сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне аса мұқтажбыз. Сондықтан, менің ойымша, атом энергетикасының дамуына барынша назар аудару қажет. Генерацияның бұл түрі біздің экономикамыздың қарқынды дамып келе жатқан қажеттіліктерін едәуір қанағаттандыра алады. Қазіргі уақытта дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық АЭС жұмыс істейді. Біз еліміздің ұзақ мерзімді ұлттық мүдделері мен ерекшеліктерін ескере отырып, болашақ туралы ойлауымыз керек, – деді.

Жалпыхалықтық референдум – халықтың атом энергетикасы туралы шешім қабылдаудағы маңызды демократиялық құралы. Халықтың пікірі ескеріліп, бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылданады. Референдум нәтижелері Қазақстанның энергетикалық болашағын айқындайтын шешуші қадам болмақ.

Жанат МУСИНА,
Қарағанды технология және сервис колледжінің әдіскері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button