Жаңалықтар

Абырой

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне қарасты 44841 әскери бөлімінде мерзімдік қызмет әскери қызметшілерін запасқа шығарып салу рәсімі болып өтті. Салтанатты іс-шарада Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған жеке құрамға салтанатты түрде Алхыс хат, спортшы жауынгер, төс белгілері мен қатар ефрейтор аттақтар табыс етілді. Сондай – ақ озат үш жауынгерге ефрейтор Жумабаев Руслан Ербулатович, ефрейтор Сағымбек Әділет Рустамбекұлы, ефрейтор Красюков Александр Сергеевич  жоғары оқу орнынына түсу сертификаттары табыс етілді.

Суреттерді түсірген: автор

Іс-шара барысында 44841 әскери бөлімнің штаб бастығы-командирінің орынбасары подполковник Сарсенов Мақсат Жумагазиевич запасқа шығатын әскери қызметшілердің әскери міндетті нағыз ер азамат ретінде адалдық танытқанына өзінің шексіз ризашылығын білдіріп, оларға болашақта өз тандаған мамандығы бойынша қызметтерін жалғастыруға құттықтау сөзін айтты. 

Құттықтау сөз сөйлегендердің ішінде Қақазастан Республикасыың Қорғаныс министрлігінің азаматтық персоналы Мырзахметоава Мастура Шариповнаға, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер Приозерск гарнизоны ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілек Алшынбекұлы Кенжебековке және запасқа шығарылған мерзімді қызметтегі жеке құрамы атынан ефрейтор Алтынбек Мұратбекұлы Дауылбаев болды. 

44841 әскери бөлімнің штаб бастығы – командирінің орынбасары подполковник Сарсенов Мақсат Жумагазиевич жолға шыққалы тұрған мерзімдік қызмет әскери қызметшілеріне сәт-сапар ниеттерін білдіріп, олардың алдағы өміріне сәттілік тіледі.

Думан ЖҰМАШҰЛЫ,
Приозерск ганизонының баспасөз хатшысы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button