Жаңалықтар

Қабырғада сұңқар қалықтады

Кейінгі кездері қаладағы үйлердің қабырғасына мурал салу сəнге айналды. Бұл жолы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің биология-география факультеті ғимаратының қабырғасына қалықтаған құстардың муралы салынды.

Таң бозында биікке қанат қаққан құстардың суреті тегіннен тегін таңдалмапты. Ғимараттың пайдалануға берілгеніне отыз жылға жуық уақыт өтіпті. Сонау алғашқы кезеңде шатыр астына қос сұңқар ұя салған көрінеді.

– Содан бері сұңқар құс жыл сайын сəуір айында балапандарын шығару үшін осында ұшып келеді. Қыркүйекте ұшып кетеді. Екі-үш балапан қанаттандырады. Тіпті, төртеу болған кездері бар. Біздің биолог студенттеріміз жыл сайын бақылап отырады, – дейді биология-география факультетінің деканы Серікболат Талжанов.

Жəне бір айта кетері, «М уралда жыл сайын оқу бітіріп, биікке самғайтын студенттерімізге деген құрметтің де мəні жатыр» дейді салушылар.

Муралды өрнектеп салудың негізгі идеясы əлбетте осы факультетінің оқытушылары мен студенттеріне тиесілі. Эскизді университеттің жобалау кеңсесінің бас маманы Ардақ Мұқанова əзірлеген. Жас таланттың Parsons School of Designe университетін MFA Design & Technology мамандығы бойынша бітіргенін, халықаралық дəрежедегі дизайнер екенін атап өтпесек əбестік, əрине.

Ғимараттың сəнін ашқан арт-нысанды сəтті жүзеге асыра алған – Қарағанды қаласының урбанистика орталығы мен Айдар Мұнайтпасовтың командасы.

Қасымхан ҒАЛЫМ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button