Жаңалықтар

Ғабеңнің биігі

    Газеттің №2 санында «Сауалына-жауабы» айдарында «Шортанбайдың үш зары» тақырыбында сауалымызды жолдаған едік. Сауалымызға жауап келді. Дұрыс жауапты бірінші болып жолдаған Ақжал кентінің тұрғыны, зейнеткер Серік Қамбар ақсақал болды.

«Жазушы С.Мұқанов өзінің естелігінде: «Шортанбайдың үш зары бар: «Зар заман», «Бала зар», «Өлер зар». Осы үш зарында да ол халықтың басына түскен зарды, заманының зарын толғағандығы туралы тоқталған» делінген хатта.

***

Келесі сауалымызға назар аударыңыздар.

Еліміздің рухани байлығы – шын мәніндегі көркем әдебиетті жасайтын тек табиғи ұлы дарындар екені анық. Жиырмасыншы ғасырдың әдебиетін саф алтындай шығармаларымен байытып, абыройын биіктеткен қаламгерлеріміздің орны бөлек. Солардың қатарында қазақ әдебиетінің үлкенді-кішілі бірнеше жанрларын өркендетуге заманында белсене араласқан заңғар жазушы, сөздің зергері – Ғабит Мүсірепов тұр.

Ғабит Мүсіреповтің ел есінде алғашқы мінсіз шығармасы ретінде қалған үш әңгімесін атаңыз.

Сонымен қатар, қазақ халқының 1932 жылғы қайғылы өмірінің айшықты суреттерін аудармай көз алдыңа алып келетін, әдеби бәйге алған қандай іргелі шығармасы бар?

Сауал сырына үңілген Нұрдос КӘРІМ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button