Бас тақырыпРуханият

Абай тәлімі – сарқылмас бұлақ

Ұлы Даланы мекен еткен көшпенділер ұрпағы ықылым замандардан бері рухани тұрғыда әлемдік өркениет көшінен қалып көрген емес. Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Бейбарыс және тағы да басқа бабаларымыз салған сүрлеуден адаспай, адамзат ойшылдарының биік деңгейіне қазақ халқының данышпан-ғұламасы Абай шықты. Даналықтың шынайы үлгісіндей ұлы Абайды өзі туындысы арқылы Мұхтар Әуезов әдеби тұрғыда әспеттеді.

Сол үрдіс ізімен ілгері басқан бүгінгі таңдағы Тәуелсіз Қазақстанның ойлы, қажырлы да қайратты ұрпақтары Қазақ елінің өзіне ғана тән, қайталанбас ерекшеліктерін үнемі айғақтап келеді. Соның бір дәлелі – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы Абайдың 175 жылдығына қатысты «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы.

Шынында да, хакім Абайдың ойлары – тек қазаққа ғана емес, адамзатқа пайдалы өркениетті істердің қайнар бастауы, ешқашан сарқылмайтын мөлдір бұлақ.

Ұлы Абайдың есімін әлем жұртшылығына бұрынғыдан да жарқырата көрсету – уақыт талабы. Қазақты білген әлем Абайды білуі тиіс, ал Абайды таныған ғалам қазақты күмәнсіз мойындары – ақиқат!

Кеңес ЖҰМАБЕКОВ,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері.

Басқа материалдар

Back to top button