Жаңалықтар

Абай облысындағы өртті сөндіруге 4 тікұшақ тартылды

Абай облысындағы өртті сөндіру жалғасуда. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға жәрдемдесуде, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

ТЖМ төтенше жағдайды ауыздықтауға Орман шаруашылығы комитеті, ЖАО және Қорғаныс министрлігінің 300 астам адамы, 70 техникасы жұмылдырылғанын мәлімдеді.

– 4 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылуда. ТЖ министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес күштер мен құралдарды үйлестіру үшін өрт орнына вице-министр М.Күлдіков жіберілді, – деп жазды ведомстводан.

Жергілікті атқарушы органдар Бородулиха ауылында Островский атындағы ОМ және колледжде эвакуациялық пункттерді орналастырды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button