Жаңалықтар

Абай облысында тағы өрт шықты

Абай облысы Көкпекті ауданында кешеден бері дала өртінің беті қайтпай жатыр, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Сурет: malim.kz

Абай облысында кешеден бері дала өртінің беті қайтпай жатыр

Абай облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт 2 шілде күні сағат 11.00 шамасында Көкпекті ауданы Үлгілі Малшы ауылынан 50 шақырым жерде шыққан. Тілсіз жау ашық алаңда қамысты шарпып жатыр.

– Оқиға орнына жергілікті атқарушы орган қызметкерлері дереу келіп жетті. Қазіргі уақытта болжам бойынша қызыл жалынның жалпы ауданы 200 гектарды құрайды. Елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ. Ешкім зардап шекпеді, – делінген ақпаратта.

Үлгілі Малшы ауылдық округі әкімдігінің ақпараты бойынша өртпен күреске ТЖД күштері мен құралдарының тартылуы қажет емес.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button