Жаңалықтар

«Ақ жол» партиясынан кімдер Мәжіліс депутаты болып сайланғаны белгілі болды

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының Ұлттық кеңесінің пленумы өтті. Онда ҚР Парламенті Мәжілісінің сегізінші шақырылымындағы депутаттарды сайлау қорытындылары талқыланып, депутаттық мандаттар бөлінді, деп хабарлайды ortalyq.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Пленумның бірауыздан шешімімен Мәжілістің депутаттық мандаттары келесі кандидаттарға сеніп тапсырылды:

Барлыбаев Ерлан Хайланұлы – экономист, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;

Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы – жас бизнесмен, «BIGLIFE» ЖШС тәуелсіз директоры, Жетісу облысы;

Еспаева Дания Мәдиқызы – қаржыгер, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;

Иса Қазыбек Жарылқасынұлы – ақын, Партия төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;

Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – Партия төрағасы;

Садықов Асқар Аманбайұлы – бизнесмен, партияның облыстық филиал төрағасы, Ақтобе облысы;

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 27 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың қорытындысын шығарды. Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы мәліметтеріне сәйкес, «Ақ жол» демократиялық партиясына 535 139 қазақстандық дауыс берді. Сайлау қорытындысы бойынша «Ақ жол» Мәжілісте 6 депутаттық мандат алды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button