Ақжал қайтіп жылиды?

    Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департа­менті тарапынан, Шет ауданы Ақ­жал поселкесінің тозығы жеткен көпқабатты тұрғын үйлердің жылу жүйесін қалпына келтіріп жөндеу жұмыстарына және жылу трас­са­ларын ауыстыруға 2014-2015 жылдары бөлінген 4 489,5 мың теңгеге аудит жасалды. Аудит барысында нақты атқарылған құрылыс-мон­таждау жұмыстарының көлемі, сме­талық құжаттармен және төлемге қабылданған жұмысты қабылдау актілерімен салыстырылып, нәти­жесінде Ақжал поселкесінің 5-этажды №3 және №5 үйлерінің жылу жүйелеріне және поселкенің ішіндегі жылу құбырларының құрылыс-мон­таждау жұмыстары бойынша жалпы сомасы 2 042,8 мың тең­генің жұмыстары нақты орындалмай, төлемге қабылданғаны анық­талды.

Ескі құбырлардың жиыстырыл­ғаны (демонтаж) және төселгені ту­ралы жұмыстар №5 тұрғын үйдің техникалық этажы немесе 1-ші этажы бойынша сметада қаралып, актіленіп төлемге қабылданғаны болмаса, нақ­ты атқарылған жұмыстың ізі де бай­қалмайды. Осы тәрізді, №3 тұрғын үй бойынша төлемге қабылданған жұмыстар көлемі нақты орындалған жұмыс көлемімен сәйкеспейтіндігі анықталды, яғни, орындалмаған. Анықталған бұзушылықтар кінәлі тараптар есебінен бюджет кірісіне қайтарылды.

Бақылау материалдары про­цес­суалдық шешімдер қабыл­дау үшін құқық қорғау органдарына жібе­рілді.

Қарағанды облысы

бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.