Жаңалықтар
Ақының өтті өмірден

Қарағанды қара жамылды. Талантты ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Дауыс» кітабының авторы Қайрат Асқар ағамыз бақиға аттанды. Қазақ поэзиясында оның «Дауысы» қалды. Көңілден кетпес жақсы адам, бақұл болыңыз!
***
Дархандығы даладай,
Аңғалдығы баладай,
Қайран Қайрат ағам-ай,
Кете бардың тәрк етіп,
Дүниеге қарамай!
Алшаң-алшаң жүретін,
Қарқ-қарқ етіп күлетін.
Қарапайым болса да,
Ұлылығын білетін,
Қайран Қайрат ағам-ай.
Көңіліңде кірбің жоқ,
Жүрісіңде бұлғын жоқ.
Аққан жұлдыз секілді,
Қыршын жаста тілдің көк,
Қайран Қайрат ағам-ай.
Дархандығы даладай,
Аңғалдығы баладай,
Қайран Қайрат ағам-ай,
Кете бардың тәрк етіп,
Арттағы елге қарамай,
Қайран Қайрат ағам-ай!
Жанат ЖАҢҚАШҰЛЫ,
ҚЖО облыстық филиалының өкілі