Ағын суға тосқауыл күшейтілуде

03.04.2017.

Қарқаралы ауданы аумағында сағат 13.20-да Бесоба ауылы жағынан еріген қар суы Ынталы ауылына жетті. Нәтижесінде 6 үй, оның ішінде 2 пәтерлі 4 үй мен 2 бөлек тұрған үйді, сонымен қатар 28 аула аумақтарын су басты.

Су басқан аумақтардан 110 адам туысқандарына эвакуацияланды, 300 мүйізді ірі қара мал мен 500 ұсақ қара мал қауіпсіз жерге көшірілді. Суды жіберу және тұрғындарды эвакуациялауға жергілікті атқарушы органдардан 10 адам, ТЖД бөлімшелерінен 14 адам мен 2 техника, жергілікті полиция қызметінен 10 адам мен 2 техника, «Қарағанды жолдары» ДЭУ-1 5 техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар, 19.20-да Қарқаралы ауданы Қаршығалы ауылдық округінде еріген қар суының ағуына байланысты 2 электр желісінің құлап, оның әсерінен Жаңажол бөлімшесінде электр сөнуіне әкеп соқты. Жөндеу жұмыстарына «Қарағанды-Жарық» ЖШС жөндеу-қалпына келтіру бригадасы атсалысты.

04.04.2017.

Теміртау қаласы және Чкалово кенті тас жолы арқылы су тасқынын жою бойынша жұмыс атқарылуда. Арықтарын құрылысы аяқталып, уақытша қорғаныш үйіндісін тұрғызу жұмыстары жалғасуда. Аталмыш шаруаға Теміртау қаласының ұйымдарының күштері мен құралдары: «Гордосервис» ЖШС, «Ритм», «Темірбол», «Ақбозат тау», «Аск-Трейд», өрт сөндіру қызметінің 4 жасағы тартылды. «АМТ» АҚ үлкен көлемде инертті материал ұсынды.

Шахтинск қаласының аймағында су басу қаупі бар елді мекендерге Восьмидомики және Северозападный ауылдарға төтенше жағдайға жол бермеу мақсатында бірқатар іс-шаралар жүргізілді. 75000 м3 астам қар шығарылып, құм толтырылған қаптар, инертті материалдар қорлары құрылған, жеке кәсіпкерлермен жанар-жағармай жеткізу, тамақтандыруды ұйымдастыру жөніңде келісім-шарт жасалды. Шерубай-Нұра және Соқыр өзендерінде су деңгейінің көтерілуін болдырмау мақсатында мониторинг жүргізілуде.

Қарқаралы және Шет аудандарының аумағындағы республикалық маңызы бар жолдардың 2 аумағы, жергілікті маңызы бар жолдардың 4 аумағында шағын ағын суы жалғасып жатыр. Су тасқыны кезеңінің басталған сәтінен азаматтық қорғау басқару органдарының, төтенше жағдайлар бөлімшелерінің авариялық-құтқару және жедел жұмыстарының барысында су деңгейінің көтерілген аумақтарынан 507 адам эвакуацияланды, олардың 397 үйлеріне қайтты, 110 адам туысқандарында қалды.

Қар еріген суды бұру және елді мекендерді қорғау мақсатында 2,5 шақырым жер асты төгінділері мен 9 мың құм толтырылған -қап салынды, 700 текше метр су тартылып шығарылды.

05.04.2017.

Балқаш көлінің жағасында орналасқандықтан, көктемгі маусымда Приозерск қаласының төтенше жағдайлар бөлімі Қарағанды облысы Приозерск  қаласының Жедел-құтқару жасағымен бірлесіп мұзда балық аулау бойынша профилактикалық рейд жүргізілді.

Әзірлеген

Нұрдос КӘРІМ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.