Ақын Олжас Сүлейменовтің әйелі өмірден озды
Белгілі ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің жары Маргарита Владимировна Сүлейменова қайтыс болды, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметі бойынша, марқұм 87 жаста болатын.
Олжас Сүлейменов пен Маргарита Сүлейменованың Динара, Мадина, Лейла есімді үш қызы бар.