Жаңалықтар

Ақын боп туған жан еді

Сурет марқұмның жеке мұрағатынан

Мынау жарық жалғаннан талантты ақын Қайрат Асқар да өтіпті. Оның жан дүниесі мөлдір болатын. Граниттей тап-таза еді. Бір түйір қиянатын байқамаппын, адам баласына.
Анасынан ақын боп туған жан еді. Жан-жүрегі қандай таза болса, өлеңі де сондай еді.
Басына бақ қонатындай жігіт болды. Халтурщиктердің заманында мұндай ақынның туғаны – ғажап құбылыс.
Қарағандыда Қайрат Асқардың орны қашан да үңірейіп тұрады. Отбасына, жақындарына, әсіресе, Қайраттың поэзиясына құштар қалың оқырманға қайғырып көңіл айтамын.

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ

Басқа материалдар

Back to top button