АймақБас тақырып

Ақтоғай ауданына қарасты Сарышаған кентінің 70 жылдығы аталып өтті

Ауыл халқы бірігіп, мерейлі жылды лайықты атап өтті.

Сарышаған кентінде мерекеге орай мұражай ашылғанын айту керек. Мұражайға ардагер теміржолшылардың қолданған заттары басқа да осы салаға қатысты көне заттар қойылды.

Сонымен қатар, кентте жастар саябағы ашылды. Мұны да ауыл азаматтары жиналып, жүзеге асырып отыр. Өздері 30 млн.-ға жуық қаражат кеткенін айтады.

Онымен қоса, ауыл балаларына арналған баскетбол және волейбол алаңы ашылды. Жұмсалған қаржы – 7 млн. теңге.

Дәл осы күні қонақтарға мешіт жанынан жаңадан салынған діни сауат ашу орталығы мен асханада арнайы дәм берілді. Жаңа ғимараттың бой көтеруіне де ауыл халқы атсалысқан.

Сенбі күні, яғни, 5-тамызда той алаңы дүбірге бөленді. Қонақтар концерт тамашалап, белгілі айтыскерлер Дидар Қамиев пен Мақсат Аханов жырдан шашу шашты. Тойдың құрметті қонағы – әнші Наркенже Серікбаева ән шырқады.

Күрес, қолкүрес, кір тасын көтеру сынды ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Бәйге жарысы өтті. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Қасымхан ҒАЛЫМ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button