Ақ тілектер ақтарылған күн

     Наурыз мерекесінде Приозерск қаласының орталық алаңында «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік думан өтті. Наурыз думанның салтанатты ашылуы қаладағы көркемдік шығармашылық ұжымның сахналық қойылымынан басталды.

Жыл басы әз Наурыз – бір-бірімізге ізгі ниетпен жақсы тілектер айтып, Алладан молшылық пен құт-береке, бейбіт өмір тілейтін күн. Осыны қаперге тұтқан қала әкімі Қайрат Камзин тұрғындарды шуақты мерекемен құттықтап, ақ тілегі мен жылы лебізін білдірді. «Жақсы сөз – жарым ырыс» демей ме қазақ?! №03080 әскери бөлімі командирінің орынбасары Валерий Воронов пен қалалық мешіттің имамы Давид Қожахметов те ізгі тілектері мен құттықтау сөздерін бүгіп қалмады. Елдің тілеуін тілеп, көңілін өсірді. Мерекелік шаралар жұрт мерейін асырды.

Қаладағы наурыз думан барысында «Ең үздік киіз үй», «Ең үздік шатыр», «Ең үздік Наурыз көже» және «Наурызға көрік берген сұлу сән» атты неофольклорлық ұлттық нақыштағы киімдер байқауы өткізілді. Мерекелік шара соңында осы байқаулардың қорытындысы шықты. Нәтижесінде, «Ең үздік киіз үй» байқауының жүлдегерлері ретінде I орын «Ертай» ЖШС құрған үйдің еншісіне бұйырды. № 06708 не II орын, III орынға №60601 әскери бөлімі тіккен үй лайық деп танылды.

«Ең үздік шатыр» байқауы бойынша I орын №44841, II орын №18405 әсери бөлімдеріне, ал, III орын №1 мектепке берілді.

«Ең үздік Наурыз көже» байқауында I орынды №47 өрт сөндіру бөлімі алды. II орын №18405 әскери бөліміне тиді. III орынды «Балбөбек» бөбекжайы қанжығалады.

«Наурызға көрік берген сұлу сән» атты неофольклордық ұлттық нақыштағы киімдер байқауы да өте тартымды болды. Онда «КТҮҚҚБ» ҚМК I орыннан көрінсе, II орынды №06708 әскери бөлімі иеленді. III орын жүлдегері ретінде «Балақай» бөбекжайы танылды.

Сонымен қатар, ұлыстың ұлы күнінде кір көтеру, қол күрес, арқан тарту сияқты спорттық ойындардан жарыстар өткізілді.

Өз тілшімізден.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.