Жаңалықтар

Аңшының цифрлық куәлігі цифрландырылды: eGov Mobile мобильді қосымшасында қол жетімді

EGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа цифрлық құжат – аңшы куәлігі пайда болды. Бұл қызметті 2023 жылдың қаңтарынан бастап ресімдеген азаматтар ғана пайдалана алады.

Құжат жеке тұлғаға Қазақстан аумағында аң аулауға құқық береді.

Жаңа цифрлық құжатты табу үшін eGov mobile  қосымшасына кіру керек, басты беттегі “Сандық құжаттар” бөлімінде “Аңшы куәлігін” басу керек.

Цифрлық құжат – түпнұсқаның аналогы. Қазіргі уақытта eGov mobile мобильді қосымшасының “Цифрлық құжаттар” сервисінде 11,7 млн-нан астам азамат белсенді пайдаланатын 24 құжат (жеке куәлік, ҚР азаматының паспорты, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР-тест, туу туралы куәлік және т. б.) бар. Барлық цифрлық құжаттарды талап ету орны бойынша ұсынуға болады. Заңда электрондық құжаттың, яғни цифрлық құжаттардың және олардың қағаздағы баламасының баламалылығы бекітілген.

Аида Рахымқұлова,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button