Ақордада Қазақстан мен Корея Президенттерінің кездесуі өтуде

Ақордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен екіжақты кездесу өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарт.

Кездесу ең алдымен екі елдің Президенттері бір-біріне делегация мүшелерін таныстырудан басталған. Осыдан кейін екі елдің әнұрандары ойналды. Қазіргі уақытта Мемлекет басшылары екіжақты келіссөз өткізіп жатыр. Айта кетейік, Корея Президенті сапар аясында Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен екіжақты кездесу өткізіп,  Қазақстан-Корей бизнес-форумына қатыспақ.  Нұр-Сұлтанға Корея Президентінің жұбайы да келіпті. Ол бүгін «Назарбаев» Университетіне бару ниетінде екен.