Бас тақырыпБасты тақырыпБілім ошақтарындаОсакаров

Ақбұлақ мектебі қайта ашылды

Ақбұлақ ауылындағы №28 негізгі мектеп күрделі жөндеуден кейін қайтадан ашылды. Ұзақ жылдар бойы жөндеу күткен білім ордасы бүгінгі таңда заманауи келбетке ие болып, жаңа оқу жылын толық дайын күйде қарсы алды.

Сурет suret.pics/kz

Мектептің қайта ашылу салтанатына облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Қобжанов, аудан әкімі Руслан Нұрмұханбетов, сондай-ақ ауыл тұрғындары, ұстаздар мен ата-аналар қатысты. Арнайы келген қонақтар мен ауыл үлкендері мектеп ұжымын Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Мектепті күрделі жөндеу жұмыстарына біршама уақыт кетті. Осы уақыт ішінде оқушылар Молодежный кентіндегі, жақын маңдағы басқа да мектептерде білім алып келді. Ал биылғы оқу жылынан бастап ауыл балалары өз мектептеріне қайта оралып отыр.

Бүгінде Ақбұлақ мектебі – заманауи талаптарға сай, толық жабдықталған білім ошағы. Мұнда жаңа үлгідегі пән кабинеттері, STEM зертханасы, спорт залы бар. Жаңа инфрақұрылым оқушылардың жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына мүмкіндік береді.

Мектепте қазір 120 оқушы білім алуда, ал 22 педагог шәкірттерге сапалы тәрбие мен білім беруге күш салуда. Қайта түлеген білім ордасы енді еш алаңсыз тек оқу-білімге ден қойған.

Болатбек ӘШІМҰЛЫ

Осакаров ауданы

Басқа материалдар

Back to top button