Жаңалықтар

Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына арналған концерт өтеді

29 мамыр күні сағат 18.30-да “Шалқыма” концерт залында өтетін әнші-композитор, ақын Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 180 жыл толуына орай “Маңмаңгер” атты ән және музыка кеші өтеді.

Концертте ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Жақсыкелді Кемалов пен Дәуренбек Әміркенов, “Құрмет” орденінің иегері Сержан Мұсайын, халықаралық конкурстардың лауреаты Дулат Аханов, республикалық конкурстардың лауреаттары Құрмаш Ыбышев, Ержан Базарбеков, Медет Осатаев және жас орындаушылар өнер көрсетеді. Сондай-ақ Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар академиялық оркестрі мен “Аққу” би ансамблі және т.б. өнерін тамашалай аласыздар.

Ақан сері Қорамсаұлының “Сырымбет”, “Алтыбасар”, “Көкшетаудың биігі”, “Балқадиша”, “Майда қоңыр”, “Әудем жер”, “Маңмаңгер” және т. б. әндері шырқалады.

Билеттерді “Шалқыма” к/з кассаларынан және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.          

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button