Ресми

Ақадырдың жыртығы жамалып, жоғы бүтінделеді

Тұрғын үйлерінің техникалық жағдайына шағымданған Ақадыр тұрғындарына үйдің жөндеу жұмыстарын жасауға көмек көрсетіледі. Аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, тұрғын үй қыс басталғанша ретке келтірілуі қажет. Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Шет ауданына жұмыс сапары барысында аталған үйлерді аралап, мəселенің қалай шешілетіні жөнінде тарқатып айтты

Ермағанбет Бөлекпаев

Ақадырдағы «Тəуелсіз Қазақстан» көшесінде орналасқан 8 пəтерлі үйде үш отбасы тұрады.

– Үйдің төбесіндегі кірпіш құлап, сол жерден су аға бастаған. Бұл мəселе бізге мəлім. Аудан əкімдігінің қолдауымен ағымдағы жөндеу жəне қажетті жұмыстарды жүргіземіз. Осы мақсаттарға алдағы сессияда бюджеттен 12 млн. теңге көзделетін болады. Жөндеу жұмыстарын қыс басталғанша аяқтау қажет, – деді Ақадыр кентінің əкімі Азамат Əбілдин.

Аймақ басшысы Ақадырдың жылу беру маусымына дайындығын да назардан тыс қалдырмады. Сондай-ақ, жаңа үйлер салу жəне абаттандыру барысымен танысты.

Алдағы уақытта кентте жылумен жабдықтауды жақсарту үшін үш қазандықтың жабдықтары жаңартылып, мерзімі өткен алты қазандық ауыстырылады. Жұмысты қыркүйектің ортасына дейін аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, Ақадырда кезекте тұрғандар үшін сегіз жартылай жеке үй де салынуда. Тұрғын үй биыл жалға беріледі. Пəтерлерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Орталық сумен жабдықталып, кəріз жүйесі қосылған.

Сондай-ақ, Ермағанбет Бөлекпаев Ə.Ермеков атындағы мектепте жұмыстардың қалай жүріп жатқанын тексерді. Онда салынып жатқан қосымша ғимаратта спорт залы мен асхана орналасады. Нысанда жаңа мердігер – «МСК Строй» корпорациясы» ЖШС жұмыс істеп жатыр. Алдыңғысымен жұмыстарды уақытылы жəне тиісінше орындамағаны үшін келісімшарт бұзылған.

Ермағанбет Бөлекпаев күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан аурухананы да барып көріп, ауыл ішінде салынған жолдардың сапасына да көз жүгіртті.

– Биыл аудандық жəне облыстық бюджеттен 11 көшені асфальттауға қаражат бөлінді. Олардың алтауына асфальт төселді, қалған бөлігін маусымның соңына дейін аяқтаймыз. Аулаларды кезең-кезеңімен абаттандырамыз, – деді Азамат Əбілдин.

Кенттегі шағын аудандардың бірінде балалар алаңы жаңартылып, автокөлік тұрағы абаттандырылған. Сонымен қатар, биыл бес үйдің шатырын жаңартуды жоспарлап отыр. Кент көшелердің 95%-ы жарықтандырылған. Бұл қатарға биыл тағы төрт көше қосылады.

Бұдан бөлек, Ақадырда магистральдық су құбырының апаттық учаскесі де толығымен ауыстырылады. Ермағанбет Бөлекпаев барлық жұмысты мерзімінде аяқтап, олардың сапасын бақылауды мұқият тапсырды. Суретті түсірген Жангелді ƏБДІҒАЛЫМ

Жəлел ШАЛҚАР,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button