Қос теміртаулық үздік атанды
Теміртаудағы №2 Балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері «Қосалқа» ансамбльдік әуен ойнау байқау-фестивалінде Бас жүлдеге ие болды.

Александр Волокитин – 12, Милана Ким – 15 жаста. Байқауда аргентиналық композитор Астор Пьяццолланың «Либертангосын» туындысын орындаған. Қос музыкант жасы кіші болса да 16-18 жасқа дейінгі топта өнер көрсеткен.
– Балалар өткен жылдары екі рет осы байқауда Гран-при жеңіп алды. Қарсыластар үлкен болғанына қарамастан, бұл оларға Гран-при жеңіп алуға кедергі болмады, – деді фортепиано бөлімінің меңгерушісі Светлана Корнева.
Сонымен қатар, аталмыш байқауда Қарағандыдағы №3 Балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері Амина Поповьян мен Екатерина Луцкая норвегиялық композитор Р. Ловландтың Secret Garden шығармасын орындап, І орын иеленді.
– Биыл қыздар «Қосалқаға» алғаш рет қатысты. 13–15 жас санатында өнер көрсетті. Келесі жылы біз оларды басқа «Сүйемелдеу» номинациясына ұсынғымыз келеді. Менің ойымша, олар жақсы нәтиже көрсетеді, – дейді Балалар музыка мектебі фортепиано бөлімінің меңгерушісі Ирина Богриенко.
Алдағы уақытта «Қосалқа» XI облыстық байқау-фестивалі Қарағанды қаласының № 3 Балалар музыка мектебінде өтті.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz