Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда велосипед ұрлаған күдіктілер ұсталды

Қарағандыда велосипед ұрлады деген күдікпен ер адам мен әйел ұсталды, деп хабарлайды Ortalyq.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сурет ЖИ арқылы жасалды
Полицияның департаментінің дерегінше, бес күн ішінде қаланың үш тұрғыны зардап шеккен. Келтірілген жалпы шығын 300 мың теңгеден асқан. Тұрғындардың арызынан кейін жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, 33 және 29 жастағы жергілікті тұрғындар ұсталды.

Қазіргі уақытта оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері олардың қаладағы басқа да осыған ұқсас ұрлықтарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға велосипедтерді, самокаттар мен балалар арбаларын кіреберістерде және дүкендердің жанында қараусыз қалдырмауды ескертті. Сондай-ақ ұрлықтың алдын алу үшін сенімді құлыптарды пайдалануға кеңес берді. Тек бейнебақылау камераларына сеніп қалмау қажеттігін де атап өтті.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button