Бас тақырыпЖаңалықтар
Айбек Оралбай Азиаданың чемпионы атанды
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан финалдық жекпе-жектер аяқталды.

Әлем чемпионы, +90 келідегі Айбек Оралбай өзінің бітіспес қарсыласы Жахонгир Зокировпен жұдырықтасты. Алғашқы раундтан-ақ қос боксшы шаршы алаңның ортасын бермей, соққы алмасуға кірісті. Жекпе-жек барысында Айбек Оралбай дәл соққыларымен басымдық танытып, төрешілердің 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, ерлер құрамасы Азиаданы 2 алтын, 1 қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, әлем чемпионы, 3 дүркін Азия чемпионы атағы бар Айбек Оралбай өз мансабында алғаш рет жазғы Азия ойындарына қатысты.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



