Төрехан Сабырхан 2026 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы атанды
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Төрехан Сабырхан иорданиялық Зеяд Ишаишпен кездесті. Жекпе-жек барысында қазақстандық спортшы басымдығын көрсетті. Алғашқы екі раундта төрешілердің барлығы жеңісті Төреханға берді. Екінші раундта иорданиялық боксшыдан бір ұпай шегерілді.

Нәтижесінде Төрехан Сабырхан кездесуді өз пайдасына аяқтап, төрешілердің шешімімен Азия ойындарының алтын медалін иеленді.
Бұл – Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарындағы бокстан алғашқы алтын жүлдесі. Қазақстандық боксшылар Азия ойындарында бұған дейін соңғы рет 2014 жылы чемпион атанған еді.
Төрехан Сабырхан үшін бұл жеңістің маңызы ерекше. Ол сәуір айында Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатының финалында дәл осы Зеяд Ишаишпен кездесіп, қарсыласына есе жіберген болатын. Сол жарыста қазақстандық боксшы күміс медаль алған. Бұл жолы Төрехан сол жеңілістің қарымтасын қайтарды.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



