Бас тақырыпБілім

Аймақта жоғары оқу орындарының қызметкерлері марапатталды

1 қазан – Жоғары білім қызметкерлері күні. Мереке  қарсаңында Қарағандыдағы жоғары оқу орындарының бірқатар қызметкері облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Сурет ұйымдастырушылардан

Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей жоғары білім қызметкерлерінің жаңа қазақстандық қоғам құру жолындағы еңбегі ерен екенін атап өтті. Облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін марапатқа лайық екенін тілге тиек етті. 

Марапатталғандардың қатарында Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының қызметкері Мендікүл Төрегутайқызы, Жастар саясаты департаментінің қызметкері  Ботакөз Әбілқасымқызы және Е. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының аға оқытушысы Нұртас Смағұлов бар. 

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button