Жаңалықтар
Жалған ақпаратқа қарсы орталық бейнеформатты іске қосты
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ресми теріске шығару мәлімдемелерінің жиынтығын енді бейнеформатта да ұсынады.

Орталықтың негізгі жарияланым форматы ретінде мәтіндік нұсқа сақталады. Сонымен қатар, ақпаратты қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, теріске шығару мәлімдемелерінің бейнежазба нұсқасы іске қосылды.
Жаңа формат мәтінді оқудан гөрі көру мен тыңдауды қолайлы санайтын аудиторияға арналған. Бұл бастама азаматтарға тексерілген әрі шынайы ақпаратты ыңғайлы түрде алуға мүмкіндік береді.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



