Жаңалықтар

Мереке күндері күн салқындайды

9–11 мамыр аралығында Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Синоптиктердің хабарлауынша, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

9 мамырда елдің солтүстігі, солтүстік-батысы мен оңтүстік-батысында нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Ал 10–11 мамырда шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын жиі жауады. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін.

Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл тұрады. Түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Алдағы күндері ауа температурасы біртіндеп төмендейді. 11 мамырда елдің солтүстік жартысында түнде 1–6 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.

Күндіз батыс өңірлерде ауа температурасы 13–28 градус жылы болады. Солтүстік-батыста 10–18, солтүстікте 5–13 градусқа дейін көтеріледі. Орталық пен шығыста 8–18 градус жылы. Оңтүстікте 17–26, оңтүстік-шығыста 15–22 градус болады. Таулы аймақтарда 8–13 градус жылы болады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button