Жаңалықтар

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында «Сарбазға прокурорлық кеңес» республикалық профилактикалық акциясы өтті. Іс-шара «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында ұйымдастырылды.

Сурет Ұлттық ұлан

Акция барысында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов мерзімді қызмет сарбаздарымен кездесіп, олардың құқықтық сауалдарына жауап берді. Кездесуде әскери қызметтегі заңдылық, құқықтарды қорғау және тәртіп мәселелері талқыланды.

Шара соңында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде ерекшеленген әскери қызметшілер Бас Прокурордың алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар қонақтарға жауынгерлік дайындық элементтері, Құрмет қарауыл ротасының саптық дефилесі, әскери техника мен заманауи цифрлық жүйелер таныстырылды.

Іс-шара әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталды.

Материалды әзірлеген  Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button