Жаңалықтар

Қазақстанда «Батырларға тағзым» цифрлық мемориалы жұмыс істеп тұр

Қазақстанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Батырларға тағзым» ұлттық онлайн жобасы табысты жалғасуда. Жобаның басты мақсаты – Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қатысушыларының ерлігін ұмытпай, Жеңіске үлес қосқан қазақстандықтар туралы бірыңғай цифрлық деректер базасын қалыптастыру.

Сурет видеодан алынды

Жоба өткен жылы іске қосылып, бірнеше маңызды міндетті қамтиды. Атап айтқанда, майдангерлер туралы мәліметтерді сақтау, отбасылық архивтерді цифрландыру, ардагерлер жайлы шашыраңқы ақпаратты біріктіру және тарихи мұраны насихаттау. Негізгі миссиясы – тарихи жадыны сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізу.

Бүгінде batyrlarga-tagzym.kz платформасында жүздеген мың соғыс қатысушысының анкетасы жинақталған. Мұнда Кеңес Одағының Батыры атанғандар, орден-медаль иегерлері туралы мәліметтер, өмірбаяндар, фотосуреттер мен архивтік материалдар қолжетімді. Деректер базасы үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады.

«Батырларға тағзым» порталы тек ақпарат көзі ғана емес. Ол әрбір қазақстандыққа жобаға үлес қосуға мүмкіндік береді. Пайдаланушылар өз туыстары туралы мәліметтер енгізіп, фотосуреттер мен құжаттарды жүктей алады, өмірбаяндарды толықтырып, нақты тұлғалар туралы ақпарат іздеп, жаңалықтар мен естелік іс-шараларды қадағалай алады.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button