Жаңалықтар
«Алматыны» ұтты
Ел чемпионаты шеңберінде алматылық «Алматыны» қабылдаған «Теміртау» буллит сериясында жеңіске жетті. 3:2 Б.
Алғашқы шайбаны теміртаулықтар салды. 10-шы минутта Королинский мергендігімен танылды. 1:0.
26-шы минутта алматылық Евграфов таразы басын теңестірді. 1:1.
Бұдан кейін «Теміртау» сапындағы Сафин (45-ші минут) мен «алматылық» Самойлов (56-шы минут) бір-бір шайбадан соғып, ойын буллиттер сериясына ауысты. 2:2.
Сериядағы Сафиннің соққысы «Теміртауға» жеңіс әкелді. 3:2 Б.
Қарсыластар арасындағы қарымта матч кеше өтті.
Нұрқанат ҚАНАФИН



