АймақБас тақырыпҚарағанды
Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды
Қарағанды облысының полицейлері жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамды ұстады. Ол облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан қыстақта жасырынған.

— Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдардың бірінен, «жедел жәрдем» жүргізушісіне бұзақылық әрекетпен қасақана зиян келтірген 36 жастағы күдіктіні ұстады, — деп мәлімдеді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу қатаң бақылауда.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz



