Ғалым – құрмет биігінде
Арқаға ақжолтай хабар жетті. ҚР Ұлттық Академиясының Президиумы отырысында Қазақстанның қоғамдық ғылымдар саласы бойынша қол жеткізген жетістіктері үшін Сатай СыздыҚов ҚР Ұлттық Академиясының Құрметті Академигі болып сайланды.
Сатай Мақсұтұлы Сыздықов – Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті жанындағы «Этносаралық қатынастар және Қазақстан халқы Ассамблеясының толеранттылығы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Бірқатар жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен ғылыми монографиялардың авторы. Сонымен қатар, түрлі тақырыпта жазылған сексеннен астам ғылыми мақаласы жарық көрген. ҚР Білім және Ғылым министрлігімен Халықаралық Түркі Академиясы және «Ғылыми қазына» ұйымының бірнеше іргелі ғылыми бағдарламасының Жетекшісі ретінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып, жүзеге асырды.
Сондай-ақ, соңғы жылдары С.Сыздықовтың мемлекеттік нысаналы-бағдарламаға жетекшілігімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қоғамдық келісім» РММ бастамасымен атқарылып жатқан «Қазақтану» жобасын жүзеге асыруда көмекші құрал ретінде оқу құралы жарыққа шығарылып, 2 ұжымдық монография әзірленді.
Жерлесімізді құрметті атағымен құттықтаймыз.
Өз тілшімізден.