Жаңалықтар

Дәйексіз жазылған

Биыл газеттің 15 тамыздағы санында жарияланған «ВЕТЕРИНАР – құлықсыз, ЖЫЛҚЫ – чипсіз» деген мақалаға байланысты облыстық ветеринария басқармасынан редакцияға терістеме келіп түсті. Онда: «Мақалада көрсетілген жылқы баққан ағайынның чип таба алмай отырғаны жайлы журналист Қызғалдақ Айтжанның жазғаны дәйексіз және шындыққа жанаспайды» делінген.

«Себебі, мақала жарияланған күннен бастап, басқарма, өз тарапынан тиісті шараларды жүргізе отырып, мақаланың жариялануына себепкер болған тұлғаны, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Томар ауылдық округінің тұрғыны, Қалқаман Нұрлыхан Қалқаманұлы екенін анықтады, сонымен қатар, «…Аты-жөнін атамауды өтінген оқырман өз ағайынының 80 жылқысының тек он шақтысы ғана чиптелгенін айтады. Өзі де несиеге алган жылқысына чип таға алмай жүргеніне шағымданды. Сонда жасанды кедергі кімнен…» мәселенің төңірегінде белгілі болған жәйттерді жеткізеді:

1. «Қарқаралы аудандық ветеринариялық станциясы» КМК Томар ауылдық округінің ветеринария пунктінің мамандары, а.ж. 21 тамызында аталмыш елді мекеннің тұрғыны Қалқаман Нұрлыхан Қалқаманұлына барып жолыққан. Анықталғаны:

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру деректер қорында және жергілікті әкімшіліктегі мал бастарын тіркеу журналында, Қалқаман Нұрлыхан Қалқаманұлына атына мал бастарының, оның ішінде жылқының тіркелмегені, несиеге он бас жылқыны сатып алмағандығы және 80 бас жылқыны сатып алу жөнінде ойының жүзеге аспағандығы. (Акт қоса тіркелді).

2. Жасалған актідегі фактілерді дәйектеу мақсатында, а.ж. 24 тамызында Томар ауылдық округі әкімі аппаратынан жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама алынды. Анықтамада Нұрлыхан Қалқаманұлының иелігінде ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелмегені көрсетілген. (Анықтама қоса тіркелді).

3. Нұрлыхан Қалқаманұлының өзінің жазып берген түсінігінде, 80 бас жылқы және несиеге алған 10 бас жылқы жайында дәлелді жауабын бере алмады және өзінің мал бастарын бірдейлендіруге қатысты процедураларды білмеуінен, облыстық газетке жарияланған мақаланың негізсіз жазылуына жол бергендігін мойындап, ветеринария саласының мамандарына тағар айыбы жоқтығын көрсеткен (түсінік қоса тіркелді).

4. Мақаланың негізсіз жариялануына тағы бір дәлеліміздің бірі, ҚР АШМ 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7- 1/68 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидасына» сәйкес, басқарма ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша өзіне жүктелген функцианалдық міндеттерді толығымен орындап отыр, яғни облыстың аудан, қалаларында, оның ішінде Қарқаралы ауданындағы жылқыны бірдейлендіруге (чиптеуге) қажетті эмиссиялық жеке номерлермен берілген өтінімдерге сай қамтамасыз етті. Ал, Томар ауылдық округіне, қажетті 461 эмиссиялық жеке номер берілді. Демек, ветеринария қызметі тарапынан жылқының бірдейленбеуіне ешбір бөгет болған жоқ.

5. «Өзіне тиісті жылқыны» бірдейлендіруге Нұрлыхан Қалқаманұлынан ветеринар мамандарына өтініш түспеген, себебі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығының 9-қосымшасына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түріне жатады. Сондықтан, «жасанды кедергінің» болмағандығын жеткіземіз.

Жоғарыда көрсетілген барлық фактілерге сүйене отырып айтарымыз, журналист Қызғалдақ Айтжан жоғарыда аты аталған мақаланың, ешбір деректерге, негіздерге сүйенбестен, жарық көруіне жол берген. Осыған орай, жарияланған мақала бойынша газет оқырмандарына тиісті түсініктеме берілуін талап етеміз.

Алдағы уақытта, ветеринария саласына қатысты мәселелердің негізсіз жариялануына жол бермеу мақсатында, екі жақты бірлесе отырып жұмыс істеуге шақырамыз.

Қосымша 4 парақта.

Басшы К.Турсынбеков.

P.S. Редакциялық алқа мақала авторы Қызғалдақ Айтжанға қызметіне салғырт қарағаны үшін ескерту жасады.

Басқа материалдар

Back to top button