Жаңаарқа

Кемел келешек – бүгіннен

Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен мемлекеттікәлеуметтік тапсырыс аясында жастар мен балалар ұйымының одағы мамыр айында «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты бейнелеу өнері және «Адал жол – Честный путь!» тақырыбында эсселер байқауын онлайн форматта жариялаған еді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа жастарды тарту, өскелең ұрпақтың азаматтық белсенді ұстанымын, ел дамуына жауапкершілік сезімін ояту, қоғамдағы келеңсіздікке төзбеу қасиетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға мектеп оқушылары белсене қатысты.

Балаларды қорғау күніне орай коворкинг орталығында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Сурет байқауында І орынды О.Жұмабеков атындағы орта мектеп оқушысы Аяжан Батыр, ІІ және ІІІ орындарды №132 орта мектеп оқушылары – Балнұр Сенбай мен Мадина Айдарханова иеленді. Эссе байқауында Б.Амалбеков атындағы орта мектеп оқушысы Аяулым Серікова жеңімпаз атанды. Ақтүбек орта мектебінің оқушысы Гүлдана Берік ІІ орынды иеленді. ІІІ орынды Бидайық орта мектебінің оқушысы Аружан Тілеуғабылова еншіледі.

Өз тілшімізден.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button