Жаңалықтар

№86 мектепте кітап көрмесі өтті

Биыл Қарағанды қаласының құрылғанына 85 жыл толды. Осы уақыт ішінде көмірлі қала талай қиын жолдан өтіп, қазір еліміздегі әсем шаһарлардың біріне айналды.

Біз шәкірттерімізді өз қаласын сүйе білуге үйрету мақсатында кітапханада қызықты жұмыстарды жиі өткіземіз. Сондай шаралардың бірі ретінде жуырда кітапханамызда ұйымдастырылған кітап көрмесін атап айтуға болады.

Кітап көрмесіне Қарағанды қаласында еңбек еткен ақынжазушылардың еңбектері мен Қарағанды қаласы туралы жазылған шығармалар қойылды. Қаланың тарихымен таныстыруды, ақын-жазушылардың ерен еңбектерін насихаттауды мақсат еткен көрмеде Сәттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым», Ғабит Мүсіреповтың «Оянған өлке», Ғабиден Мұстафиннің «Қарағанды» романдарынан бастап, бүгінгі қарағандылық жазушылардың еңбектері орын алды.

Көрме жұмысы барысында 11«ә» сынып оқушыларының қатысуымен кездесу өткізілді. Қарағанды қаласының тарихы туралы әңгіме өрбіді. Сондай-ақ, кітапханаға бас сұққан басқа да оқушылар да көрме жұмысымен қамтылып, кітаптармен таныстырылды.

Бибігүл АСАНОВА,

86 орта мектептің кітапханашысы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button