АймақТеміртау

«Халық қатысатын бюджет»

Теміртау тұрғындары қаланы абаттандыруға арналған бюджетті бөлуге қатыса алады. Қалада «Халық қатысатын бюджет» жобасы жалғасуда. Онда қаланың әрбір тұрғыны жүзеге асыруға қажетті соманы көрсете отырып, қаланы абаттандыру бойынша өз ұсынысын бере алады. Оның қорытындысы бойынша үздіктер келесі есепті кезеңге өтеді. Бұл туралы Теміртау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Теміртауда жоба 17 қыркүйекте басталып, 7 қазанға дейін жалғасады. Қала тұрғындары қаланы көгалдандыру, арықтар мен пандустар салу, саябақтар, гүлзарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтарын құру және жөндеу бойынша ұсыныстар жолдайды. Сондай-ақ, байқауға жиек тастарды, қырлы тастарды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу, қоқыс тастайтын жерлерді жою, спорт, тренажер және балалар алаңдарын орнату және жөндеу туралы жобалар қабылданады.

«Жобаның егжей-тегжейлі сипаттамасы, фотосуреттері немесе сызбалары болуы тиіс. Оған қоса, құны шамамен есептеліп, электрондық файлда жазылуы керек.

Жекелеген элементтерді ғана орындауды қамтитын, қаланы дамыту басымдықтарына сәйкес келмейтін немесе коммерциялық жобаларды іске асыруды көздейтін ұсыныстар қабылданбайды. Ұсынысты Теміртау әкімдігінің сайтында беруге болады. Мұнда сіз бағдарламаның ережелерімен егжей-тегжейлі танысып, дайын жобаның үлгісін жүктей аласыз» дейді баспасөз қызметі.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button