ЖаңалықтарРуханият

Қарағанды облысының жас домбырашыларын байқауға қатысуға шақырады

Шілденің бірінші жексенбісінде елімізде қазақ халқының бай рухани тарихы мен дәстүрлерінің символы – Ұлттық домбыра күні аталып өтеді. Қарағанды облысының ҚХА Қарағанды облысының әр аудандары мен қалаларынан 12-16 жас аралығындағы жас күйшілерді «ДАЛАМЫЗДЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА» шығармашылық байқауына қатысуға шақырады.

Байқау шарттары:

1. Сапалы бейнені (күй, этюд немесе басқа музыкалық шығарма) келесі электрондық поштаға жіберу керек: indira.tokmurzina.80@mail.ru (хронометраж- 2-2,5 минут).

2. Т.А.Ә., мекен-жайы және байланыс телефондарыңызды көрсету қажет.

3. Бейнематериалдар 2020 жылдың 17-30 маусымы аралығында қабылданады.

ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша домбыра мен күй адамзаттың материалдық емес мұралары тізіміне енгізілді. Бұл ежелгі музыкалық аспап әлемдегі ұлттық мәдениетті насихаттаудың символына айналды.

Басқа материалдар

Back to top button