АймақБалқаш

Балқаш тұқымен толықты

Балқаш көліне 353 мың тұқы шабағы жіберілді. Бұл – рекордтық меже. Мамандардың айтуынша, балықтар көлдің таза сақталуына көмегін тигізеді. Әрі табиғаттың сақталуына үлес қоспақ. Ал, су жануарлары қалыпты ортаға үйреніп, көбейе бастаған сәтте оларды аулауға да болады.

Айта кетерлігі, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жан-жануарлар дүниесін қорғау комитеті еліміздегі табиғи су қоймаларын бағалы балық түрлерімен толықтырып отыруды мемлекеттік тапсырыс негізінде жүзеге асыруда. Бұл шара биологиялық тазарту үшін, сондай-ақ популяция түрін қалыптастыруға, тұрақты табиғи өсімін молайтуға қабілетті болатын аналық басын құру үшін жүргізілді. Күздің кеш мезгілінде балықтардың залалдануы күрт төмендейді жəне балық өсіру мерзімі аяқталады. Осыған байланысты балықтандыру осы мезгілде жүргізілді.

Мұндай маусымдық жұмыстар табиғаттағы тепе-теңдікті сақтап, кейбір балық түрлерінің жойылып кетуінің алдын алады. Сондай-ақ, мамандар Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген тұқы балығы Балқаш көліне бірден бейімделіп кететіндігін мәлімдеді.

Нұрдос КӘРІМ.

Басқа материалдар

Back to top button