АймақШет

Жүкаяқ

Шет аудандық археологиялық-этнографиялық мұражайы – өткен ғасырдан сыр шертетін көне мұраларға бай орын. Әсіресе, көшпенді қазақ өркениетінің төл туындысы саналған киіз үй, ағаштан жасалған көне жиһаздар бүгінде мұражайға келушілердің назарын өзіне ерекше аударатын жәдігерлерге айналған. Сондай құнды мұраның бірі – жүкаяқ.

Жәдігерді аудандық мұражайға 1988 жылы Шет ауданында тұрған Ғайныш Сақыпова сыйға тартқан.

– Жүкаяқ – ертеде буылған тең, қатталған сырмақ, көрпе-жастық, кебеже, сандық секілді заттарды қою үшін пайдаланылатын жиһаз. Алуан түрлі өрнектермен әшекейлеген жүкаяқ үйдің сәні мен ажарын аша түсері сөзсіз. Жүкаяқ кепкен, мықты әрі жеңіл ағаштан, өңделген тақтайдан жасалған. Ол негізгі үш бөліктен тұрады. Жүкаяқтың алдыңғы беті бір түсті сырмен боялып, оған түрлі түсті бояулармен өрнек салынған, – дейді аудандық мұражай директоры Салтанат Қамытбаева.

Жүкаяқтың асты қуыс болғандықтан үнемі жел кеулеп тұрады. Соның арқасында жүктің асты дым тартып, көгермейтін болған. Қазақ халқының дәстүрлі көшпелі мәдениетінен хабар беретін бұл бағалы бұйым музейге тапсырылғанша тұрмыста пайдаланылып келген.

Думан ҚАБЫЛ.

ШЕТ ауданы.

 

Басқа материалдар

Back to top button