КоронавирусҚарағанды

2023 жылы эпидемиологиялық маусымда жаңа вирус тарайды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша алдағы жылғы эпидемиологиялық маусымда А1, А3 тұмауы және “В” тұмауы вирусы тарайды. 

Тұмау – кез-келген жастағы адамдар қабылдайтын ең көп таралған жұқпалы аурулардың бірі.

“Соңғы жылдары егу науқаны мен халықты ақпараттандыру жөніндегі кешенді жұмыстың арқасында тұмауға қарсы профилактикалық екпелермен қамту көрсеткіші артты. Алдағы эпидемиологиялық маусымда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдары бойынша облыс халқының жалпы санының кемінде 40%-ын тұмауға қарсы вакцинациялаумен қамтуды қамтамасыз ету қажет. Эпидемиологиялық ахуалды тұрақты ұстап тұру және тұмауға қарсы вакцинациямен барынша қамтуды қамтамасыз ету мақсатында ірі кәсіпорындардың жұмыс берушілеріне қызметкерлерді иммундау үшін өз қаражаты есебінен тұмауға қарсы вакцина сатып алуды қамтамасыз етуді ұсынамыз. Шұғыл континенталды климаты бар өнеркәсіптік аймақ үшін вакцинация өте маңызды”, – дейді Қарағанды облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгин. 

Оның айтуынша, суық тию себебінен жұмыскерлердің еңбекке қабілеттілігін уақытша жоғалтумен сырқаттанушылықтың үлес салмағы сырқаттанушылықтың жалпы құрылымында орта есеппен 25-30%-ды құрайды, эпидемия маусымында 40%, әсіресе көмір, металлургия өнеркәсібі, автокөлік, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, Халыққа қызмет көрсету және сауда салаларында одан да көп екенін айтты.

Адам денсаулығы денсаулық сақтау жүйесіне небәрі 10%–ға және 50%-ға – адамның қоршаған ортасының, таңдау құқығының, өмір сүру сапасының әсерінен қалыптасатын өмір салтына тәуелді.

Басқа материалдар

Back to top button