Дәрия кентінде Мәдениет үйі ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхит МҰХТАРОВ бастаған әкімдік өкілдері мен мәдениет қызметкерлері және кент тұрғындары қатысты.
Шырайлы шарада сөз алған аудан әкімі М.Мұхтаров дәриялықтарды қуанышты күнімен құттықтап, кент жұртшылығының көп жылғы өтініштілегіне орай, биыл аудандық бюджет қаржысы есебінен салынған Мәдениет үйі ауданның мәдениеті мен өнерінің одан әрі дамуына атсалыса беретініне сенім білдірді.
Сосын Мәдениет үйінің жетекшісі Нұрқанат Бейсембаевқа музыкалық аппарат алуға 1 миллион 500 мың теңгенің сертификатын табыстады.
Кенттегі ақсақалдар алқасының төрағасы Төлеутай Қасымов ақжолтай тілегін жолдады. Жаңартылған Мәдениет үйінің лентасын аудан әкімі М.Мұхтаров пен кент имамы Шәли Дардақов қиып, әжелер шашу шашты.
Қонақтар жаңа ғимаратты тамашалап, өнерпаздар әннен шашу шашты.
Берікбол ТӘЖІБЕКОВ.
ШЕТ ауданы.