Ресми

Қолайлы орта – басты мүдде

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету қазіргі уақытта біздің мемлекетіміздің басым және маңызды міндеттерінің бірі.

ҚР «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес, кемтар жандардың әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiрiп-шығуын қамтамасыз етуге арналған құқықтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiмен бекiтiлген әлеуметтiкэкономикалық және жеке басының құқықтары мен бостандықтарына толығымен ие болады. Бұдан басқа, жоғарыда көрсетілген Заңның 25-бабының 3-тармағында келесідей анықталған: «Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ, заңды тұлғалар мүмкіндігі шектеулі жандарға ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарына, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергiсiз кiрiп-шығуына, әуежайларда, темiржол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңiз және өзен порттарында еркiн бағдар ұстануы мен жүрiп-тұруына ұлттық стандарттарға сәйкес жағдай жасауға мiндеттi».

Егер, әлеуметтік маңызы бар ерте салынған объектілерді қолданыстағы заңнамаға бейімдеу мүмкін болмаған жағдайда, осы объектілердің меншік иелері мүгедектердiң қызметтерді алу үшін қолжетімділігіне барлық қажетті шараларды жасауға міндетті. Осылайша, әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілері қимыл-тірек аппаратында бұзылысы бар тұлғалар үшін де, есту, көру қабілетінің бұзылысы бар тұлғалар үшін де толығымен қолжетімді болуға міндетті.

Мүгедектер және басқа да қимылы шектеулі топтары үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігі туралы талаптар ҚР ҚН 3.06-01-2011 «Ғимараттар мен ғимараттардың қимылы шектеулі топтар үшін қолжетімділігі» Қазақстан Республикасының Құрылыс Нормаларында мазмұндалған. Қолайлы шешімдер және қажетті элементтерінің параметрлері ҚР ЕЖ 3.06-101-2012* «Ғимараттар мен ғимараттарды халықтың шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің есебімен жобалау» Қазақстан Республикасының Ережелер Жинағында көрсетілген.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушы уәкілетті орган бола тұрып, субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылауды және жоспардан тыс тексерістерді өткізеді. Объектілердің қолжетімділігі мәселесі бойынша профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерістер қатаң түрде тексеріс парақтарына сәйкес өткізіледі. Олар пандустың ені және ұзындығы, пандустың биіктігінің еңісі, кіреберіс есіктерінің ені, кіреберіс есіктерінің табалдырықтарының биіктігі, пандустағы тұтқалардың биіктігі сияқты элементтердің параметрлеріне қойылатын талаптардан құрылған. Бұл, тек, ғимараттың кіреберіс тобының бейімделуі кезінде ұсталынуына қажетті талаптар. Одан басқа, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер, қызмет көрсету аймақтары бейімделуге міндетті. Тактильдік ақпарат құралдарының, қолжетімділік халықаралық рәміздерінің орнатылуы қажет және мүмкіндігі бойынша қимылы шектеулі топтары үшін тиісті айырым белгілерімен белгіленген көлік қоятын орындардың қарастырылуы қажет.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қолжетімділігіне бағытталған қолданыстағы заңнаманың нормаларын орындау, әкімшілік жауапкершілік шараларымен реттеледі.

Жоғарыда аталған талаптарды орындаудан бас тартқан жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 83-бабына сәйкес, лауазымды адамдарға – 50 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 120 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 400 АЕК түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің

Қарағанды облысы бойынша департаменті.

Басқа материалдар

Back to top button