Нұра ауданында хоккей корты мен Жастар аллеясы ашылды

Республика күні қарсаңында Нұра ауданында екі жабық хоккей корты мен Жастар аллеясы ашылды, деп хабарлайды Ortalyq.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.  

Жаңа корт қыста тұрғындарға хоккей, шорт-трек, коньки тебуге, ал жазда шағын футбол ойнауға мүмкіндік береді. Жаңа ғимараттың өткізу қабілеті күніне шамамен 100 адамды құрайды. Оның құрылысы аймақтық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылды.

Спорт кешенінің айналасына ағаштар отырғызылды.

Екінші корт Шахтерский ауылының тұрғындарының игілігіне берілді. Ғимарат «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша салынды.

Ойын алаңына ені 26, ұзындығы 56 метрге дейінгі жасанды жабын төселген. Трибуналар 80 көрерменге арналған. Ғимаратта киім ауыстыратын бөлмелер мен жуыну бөлмелері бар.

Ауыл тұрғындары қыста хоккей, жазда футбол ойнауға болатын бұл нысандарды бағалайтынына сенімдімін. Ересектер мен балалар осындай қолайлы жағдайда спортпен шұғылданады, – деп атап өтті Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев.

Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқанов ауданның дене шынықтыру және спорт бөліміне 10 миллион теңгеге сертификат табыс етті.

Шахтерский ауылының тұрғындары үшін тағы бір маңызды оқиға – Жастар аллеясының ашылуы болды.

Саябақтың жалпы ауданы – бір гектар.

Алаңда субұрқақ, сахна орнатылып, тұрғындардың демалуы үшін орындар жабдықталған. Абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, 80 қарағай отырғызылды.

Республика күні тарихи маңызы бар мереке, – деді Бақытжан Мұқанов. – Аудан тұрғындарын мерекемен құттықтаймын! Хоккей корттары мен Жастар аллеясы – лайықты сыйлық.